Шымкентте жеті айда 33 мыңдай әкімшілік бұзушылық анықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жеті айда 33 мыңдай әкімшілік бұзушылық анықталған

18.08.2023

Шымкентте биылғы 7 айда бейнебақылау камераларының көмегімен 293 қылмыс ашылып, 33 мыңдай әкімшілік бұзушылық анықталған. Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына жалпы 11 мыңнан аса бейнебақылау камерасы біріктірілген. Көше қиылыстары мен тұрғын үйлердің аулаларына орнатылған камералардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, жол ережелерін бұзу фактілерін автоматты түрде тіркеуде көмегі тиетіні белгілі. Алайда олқылықтар жоқ емес.

Орталық жұмысымен танысқан Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы өзі куә болған бірқатар кемшіліктерді айтты. Жедел басқару орталығының жұмысына қатысты ұсыныстарын да жеткізді. Әсіресе, мопедтер мен электр скутерлерінің қозғалысын реттеп осы бағытта шараларды күшейту жайын алдағы сессияда мәселе етіп арнайы көтеретінін айтты.

Болатбек Нажметдинұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Арнайы ережесін қайтадан қарау керек. Бізде заң бар ғой, заң. Заңның астындағы заңнамалар бар, оның бәрі түгел министрдің бұйрығымен қабылданады. Оның қаншалықты сапалы екенін біз білмейміз. Заңды біз қолдап береміз, қарап береміз. 

Бірақ астында сол заңның орындалуы сапалы орындалуы ол Үкіметтің, Үкіметтің ішіндегі Ішкі істер министрлігінің жұмысы. Сондықтан мен осы мәселе бойынша қайттан біз ревизия жасауымыз керек. Өйткені сол кісілердің жаңағы скутердің қатысуымен көп жол апаттары болып жатыр. Осыған қатты көңіл аудару керек деп ойлаймын.


Айнұр Әбілқасымқызы 

Хабарламаларға жазылу