Халыққа сапалы қызмет көрсетпеген Ақтөбенің медұйымдарына 270 млн теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халыққа сапалы қызмет көрсетпеген Ақтөбенің медұйымдарына 270 млн теңге айыппұл салынды

01.10.2020

Халыққа сапалы көмек көрсетпегені үшін Ақтөбедегі медицина мекемелеріне 270 миллион теңге айыппұл салынды. Биыл жеті айда емдеу орындарынан 97 мыңнан аса кемшілік анықталған. Бұл туралы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары мәлімдеді. Сарапшылар міндетті әлеуметтік сақтандыру пакеті бойынша көрсетілген қызметтер сапасына мониторинг жүргізген. Нәтижесінде клиникалық хаттамалар атқарылған жұмыс көлемімен сәйкеспеген. Яғни, тұрғындарды тексергенде сол протоколдағыдай қызмет жасалмаған. 

Алмагүл Сержанова, Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры ақтөбе филиалының бөлім басшысы:
Ең көбі консультациялық-динагностикалық қызметтер бойынша анықталды. 94 млнды құрайтын 82 мыңнан аса кемшілік анықталды. Және де амбулаторлық-емханалық көмек бойынша 1300 және тәуліктік стационар бойынша 1500-дей анықталды. Сонымен қатар көрсетілмеген медициналық қызметтер бойынша 13 дерек анықталып, 500 мыңдай медициналық ұйымға айыппұл салынды.

Жақсыбек Кемал

Ақтөбе айыппұл медициналық көмек

Хабарламаларға жазылу