«Екібастұздағы жылу желісінің 90 пайызы тозған.» «Маусым басталамын дегенше 5 жылу қазандығын дайын қыламыз.» Бүгін Павлодар облысының әкімдігі мен Екібастұз басшылығы шаһардың қысқа қамымен таныстырды. Қақаған суықта сыр беріп, азаматтарды жауратқан жылу орталығының жай-күйін де көрсетті. Елдің бас энергетигі, министр Алмасадам Сәтқалиев қаланың жылу маусымына дайындығын бағамдады. Қала тұрғындары жаңа маусымнан не күтеді?
Елдос Есенбол, тілші:
Екі аптаға жетер-жетпес уақытта жаз аяқталады. Екібастұз көшелерінен құбыр ауыстырғандарды байқамау мүмкін емес. Жалпы қаладағы 422 шақырымдық жылу жүйесінің 90 пайызы тозып тұр. Бұл биыл қыстағы апаттан кейін 70 шақырымын ауыстырғандағы көрсеткіш. Шаһардағы жылу жүйесін толыққанды жаңарту үшін 5 жылдай уақыт керек дейді қала басшылығы.
Бірақ Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов оптимистік болжамда. Қазір Екібастұз жылу орталығының 2 қазандығы дайын. Жылу маусымы басталам дегенше бесеуін іске қосамыз. Бұл 30-32 градус суықта тұтас қаланы қыз-қыз қайнатуға жеткілікті дейді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
5 күн арасында 8 градустан төмен басталғанда біз жылу маусымының басталуын жариялаймыз. 10 күн бұрын. Жыда жылыту маусымы осы 1 қазан күні басталады. Сондықтан ол 1 қазанға дейін қазандықтар және де жылыту орталықтары толық дайын болады. Оған біз кепілдік бере аламыз.
Қазандық демекші Екібастұз жылу электр орталығының қазіргі көрінісі осындай. Көрер көзге темір екеш темірдің де тозғаны анық байқалады. Жалпы орталықты жөндеуге 20 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.. 40-45 пайызы мемлекет тарапынан қалғаны, мердігер қалтасынан. Зауытқа бас сұққан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев биыл қай өңірлер Екібастұздың халін кешуі мүмкін екендігін де айтты.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
Біз елдегі жылу нысандарына маусымға дайындығын бағаладық. Оларды үш топқа бөлдік. 70 пайыздық топтар қысқа толыққанды дайын деген сөз. 50 пайыздықтардың дайындығы орташа. Жән е жылыту маусымына дайын емес орталықтарды анықтадық. Әсіресе Қарағанды мен Риддерге сұрақ көп. Оларға мониторинг ұйымдастырып керек қаражатты бөлдік. Соның ішінде республикалық бюджеттен.
Жалпы былтырғы апатта Екібастұздың 252-і пәтері зардап шегіпті. Ол жылу, кәріз құбыры жарылып су алған баспаналар. Оларды бүтіндеуге 9 милиард теңге жұмсалған. Шығынды мердігер өзі көтерген. Екібастұздықтар биылғы қыстан не күтеді?
Енді бірі айнала қазылған шұңқырлар көлік қозғалысын тежейді дейді.
Айнала қазып-қазып тастады білмедім. Жұмыс жүріп жатқан сияқты. Көшеде машинамен жүрудің өзі қиын болып кетті кей көшелерде. Мен ана жақта тұрам бару үшін былай айналу керек бәрін.
Тағы бірі атқарылып жатқан жұмыстың сапасына күмәнмен қарайды.
Трубаларын ауыстырып жауып жатыр. Бірақ та оны қазір жауып жатыр. Оны тексеріп жатқан жоқ.Сапасы қалай. Бір жері на сварочный шовы жібере ме, оны жауып тастады енді.Жапқаннан кейін қайтадан ашып жүрмесе. Бір жұмыс екі жұмыс болып кетпесе сол ғой.
Бұл сұрақтың жауабын Екібастұздықтар қыс келгенде бір біледі. Әзірге белгілісі жылу тарифінің өсетіндігі. Облыс әкімі бұл шешімді жөндеуге кеткен шығынмен түсіндіріді.Әрі жылу берушілердің жалақысы 150 мың теңге шамасында. Жылу ақысын көтерсек, жалақыны да өсіре аламыз дейді. Ал қалалықтар үміт пен күдігі аралас күйде қысқа қамдана бермек.
Елдос Есенбол