Қор нарығында доллар тағы 7 теңге 90 тиынға қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 463 теңге 19 тиын. Ұлттық банктің бүгінге бекіткен ресми бағамы 454 теңге 30 тиын. Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 464 - 465 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу бағамы – 460-461 теңге. Елордада сату бағамы 464-470 теңге төңірегінде болса, сатып алу бағасы - 457-464 теңге аралығында.
Дарын Сағитов