Елордада көлік салығынан жалтарып жүргендер көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада көлік салығынан жалтарып жүргендер көбейді

17.08.2023

Елордадада тұрғындардың көлік салығы үшін қарызы 2 млрд теңгеден асқан. Яғни, автокөлік иелері міндетті төлемді төлеуге асықпайды. Бұл туралы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, бүгінде жеке тұлғалардың көлік салығына берешегі 2,1 млрд теңгені құрайды.

Арнайы рейдтік шаралар өткізіліп, оның барысында 97 млн теңге өндірілді. Сондай-ақ Lexus, Toyota Land Cruiser, Mercedes Benz, Tundra секілді қымбат маркалы және қозғалтқыш көлемі 4 мың текше см-ден асатын 20-дан аса көлік айып тұрағына қойылды. 


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу