Тұрғындардың салық қарызы 24 млрд теңгеден асқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғындардың салық қарызы 24 млрд теңгеден асқан

27.06.2022

Тұрғындардың салық қарызы 24 млрд теңгеден асқан. Бұл – 919 мың азаматтың берешегі. Мемлекеттік кірістер комитеті халықтың әсіресе көлік салығы бойынша қарызы көп екенін айтады. Автомобиль салығынан жалтарып жүргендер Алматы қаласында жиі тіркелген. Мегаполистегі азаматтардың 5 млрд теңгеден астам қарызы бар. Сонымен бірге Алматы облысы, елорда мен Шымкентте де міндеттемесін өтемей жүргендер аз емес. Былтырғы салықты төлеу мерзімі биыл сәуірде аяқталғанын еске саламыз. 17 мамырдан бастап оны уақтылы төлемеген адамдарға қарызды өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі. Ал 5 күннен кейін де қайтармаса, іс жеке сот орындаушыларға беріледі. Қарыз 122 мың теңгеден асса, азаматқа елден шығуға тыйым салынуы мүмкін.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу