Елордада қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс бойынша тренинг өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс бойынша тренинг өтіп жатыр

16.08.2023

Елордада өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс бойынша ведомствоаралық семинар-тренинг өтіп жатыр. Іс-шараға білім, медицина, ішкі істер органдары мен мемлекеттік емес ұйым өкілдері қатысуда. Олар түрлі проблемаға тап болған отбасыларға көмек көрсету үшін тәжірибе мен күш біріктіруді көздеп отыр. Семинар-тренинг Астана қаласының және аудандық әкімдіктермен, сондай-ақ мүдделі органдар өкілдерімен бекітілген меморандум аясында ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шара 25 тамызға дейін жалғасады. Айта кетейік, жоба өкілдері болашақта мұндай басқосуларды аймақтарда да өткізуді жоспарлап отыр.

Фарида Сағындық, әлеуметтік жоба жетекшісі:

«Кейс-менеджмент» деген технологияны енгізіп жатырмыз. Бұл ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту мақсатында. Қалай біз ертең отабсына бірігіп кешенді түрде сүйемелдей аламыз? Қандай көмек бере аламыз? Сондықтан әртүрлі сала болғандықтан оларды бір технологямен біріктіру қажет.


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу