100 мыңнан астам адам салық декларациясын тапсырмаған. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша олар бір айда мүлкін жария етіп үлгеруі тиіс. Науқан қыркүйектің 15-і аяқталады. Декларация тапсырмағандарға жаза қарастырылған. Айта кетейік, биыл мемлекеттік және бюджеттік саланың, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері мен олардың жұбайлары мүлкін жария етуі керек. Әзірге осы санатқа кіретін бір жарым миллион адам декларация тапсырды.
Досжан Маратұлы