Қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына берілетін төлемақы мөлшері белгілі болды. Тиісті қаулы биыл маусым айында Абай облысындағы табиғи өртті жою жөніндегі жедел штабтың отырысында Президенттің тапсырмасына сай әзірленген. Ережеге сәйкес мемлекеттік орман күзеті қызметкерінің отбасы мүшелері төлемақы алады. Ақшалай төлем қаза тапқан қызметкердің соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражаттың 40 пайызы мөлшерінде беріледі. Бұл ретте отбасының барлық мүшелеріне төленетін ақшалай төлемнің ең жоғары мөлшері ақшалай қаражаттың 100 пайызынан аспауы тиіс. Құжат 28 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр. Еске сала кетейік, маусым айында Абай облысындағы алапат орман өртін сөндіру кезінде 14 орманшы қаза тапқан болатын.
Дарын Сағитов