Өзбекстанда 65 баланың өліміне соқтырған қауіпті дәрі Қазақстанда сатылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда 65 баланың өліміне соқтырған қауіпті дәрі Қазақстанда сатылмайды

14.08.2023

Өзбекстанда 65 баланың өліміне соқтырған Док-1 Макс деп аталатын дәрі Қазақстанда сатылмайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімдеді. Көрші елде бұл препаратты өндірушілерге қатысты сот ісі басталған. 21 адамға айып тағылды. Үндістанда әзірленген жөтелге қарсы дәріні ішкен балалар өткен жылдың соңығнда қайтыс болған еді. Қауіпті дәріні өндірген Marion Biotech компаниясының өзге өнімдері Қазақстанда сатыла ма?

Дәріден уланған балалар алғаш өткен жылдың соңында тіркелген. Әуелде өзбек елі көз жұмған бүлдіршіндердің саны 19 деп мәлімдеді. Алайда сот процессі кезінде одан 3 есе көп екені анықталды.

Зерттеу кезінде оның құрамында этиленгликоль деп аталатын химиялық заттың нормадан 300 есе көп екені анықталған. Соған қарамастан оны ресми тіркеуге рұқсат еткендер сот алдында жауапқа тартылып жатыр. Қазақстанда жаппай сатылымға рұқсат етілген кез келген дәрілік зат алдымен зертханада тексеріледі. Тіпті, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген препораттар да қайта зерттеледі. Ал, денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша улы дәрі әзірлеген үндістандық Marion Biotech-тің өзге өнімдері бізде сатылып жатыр.

Әнуар Сейдрахым, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бас сарапшысы:

Бізде Қазақстан аумағында бірнеше дәрілік заттар осы производительден тіркелген. Бірақ ол жөтелге қарсы сироп емес. Басқа дәрілік заттар. Бізде лобараторияда сапасын және қауіпсіздігін қосалқы заттарын, белсенді заттарын лобараторияда толық қарайды. Содан кейін оның қауіпсіздігі мен сапасына көз жеткізгенде ол бізде тіркеледі де нарыққа шығады.

Мамандар қайғылы жағдайдың алдын алу үшін дәрігердің кеңесінсіз ем қабылдамауға кеңес береді. Кез келген дәріні сатып алмас бұрын оның сапа сертификаты мен денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан тіркеу нөмірін тексеріп алған дұрыс.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу