Қатты нөсер салдарынан Жетісу облысының Ескелді ауданының бірнеше елді-мекенінің көшелерін су басты.
Атап айтқанда Ешкіөлмес ауылында 40 үйдің ауласына су кірді. Көксу ауданына қарасты Мәмбет ауылында бес үйдің ауласымен таудан аққан су жүріп өткен.
Сондай-ақ Талдықорған-Үштөбе тас жолының 35 шақырымында жол астындағы құбырдың шамасы жетпей таудан жиналған су тас жолдың беткі қабатын шайып кетті.
Жауын-шашын салдарынан қираған ғимарат және зардап шеккендер жоқ.
Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаевтың төрағалығымен жедел штаб құрылды.