«Өзіңді тап – өзегіңе орал». Астанада осындай атаумен дәстүрлі жалпыұлттық ата-аналар форумы өтті. Оған әр аймақтан 700-дей ата-ана келген. Мақсат – ұрпақ тәрбиелеудегі отбасы құндылықтарын насихаттау. Форумда бала құқығы, білімі, денсаулығы мен қауіпсіздігі сияқты өзекті мәселелер талқыланды. «Сенімді Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі отбасы тақырыбында түрлі зерттеу мен сауалнама жүргізіп келеді. Соның бірінде отбасы мәселелерімен әкелерге қарағанда, аналар әлдеқайда көбірек айналысатыны белгілі болған.
Жансая Бердімұрат, «Сенімді болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Біздің әлеуметтік сауалнама бойынша 90 пайызы әйел адамдар. Бұл әлеуметтік сауалнама портретіміздің әйел адамдар екенін көрсетіп тұр. Бұл нені айтып тұр, біздің ер азаматтарымыз отбасы сұрақтарына белсенді қатыспауы. Бұлар тек жұмыс деп жүреді, отбасы мен тәрбиеге ақтысы жоқ.
Азамат Нұғыманов