Қаражат тапшылығына байланысты фармацевтикалық зауыт жұмысы тоқтады

05.10.2020

Елдегі фармацевтикалық зауытты іске қосу қаражаттың жетіспеуіне байланысты кейінге шегерілді. 4 жыл бұрын Атырау облысында басталған жобаны жалғастыруға тағы 3 млрд теңге жетпейді. Жалпы зауытты іске қосу 7,4 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жоба басталғалы шамамен 4,4 млрд теңге игерілген. Бұған дейін жобаны жеке инвесторлар қаржыландырып келген. Айта кетейік, бұл қаражат жетпеуінен тоқтап тұрған алғашқы фармацевтикалық кәсіпорын емес. Алматы облысындағы фармацевтика кәсіпорны да ақша жетпей, әлі іске қосылмады.

Ақерке Бектас


фармацевтикалық зауыт

Хабарламаларға жазылу