Абай облысында Абай күніне орай 100-ге жуық мәдени шара ұйымдастырылды. Ұлы ақынның туған күні әрбір аудан, ауылда аталып өтті. Ғұламаның өмірі мен шығармашылығын насихаттауға қатысты шаралардың ең негізгілері Абай Құнанбайұлының туған топырағы Жидебай жерінде қолға алынды.
Ұлы ақының туған күніне орай бүгін зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары Абай ескерткіші жанында жиналды. Ғұлама рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:
Заманалар ауысып, дүние дидары күнде өзгерсе де, халқымыздың Абайға деген құрмет сезімі еш кемімейді. Үкіметтің қаулысымен бекітілген осы күн де соның айғағы.
Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты тың жаңалықтың бірі бүгін жария етілді. Тарихшылар Семейден Абайдың ұстазы болған Риза хазіреттің қабірін тапқан. 250 жыл болған шаһар іргесіндегі қорымдарды зерттеу кезінде ғалымдар осындай жаңалыққа тап болған. Осыған дейін ақынның өмірімен тығыз байланысты Ахмет Риза деген есімге қатысты деректер аз болған еді. Мамандар ашқан жаңалықтан кейін Ахмет пен Риза атты Абайдың екі ұстазы болған деген болжамға келіп отыр.
Нұрлы Мадиярғазин, тарихшы:
Бүгінгі таңда отызға жуық имамның қабірін анықтадық. Солардың ішінде осы Риза хазіреттің қабірі. Қабіртастағы тексті оқып ол кісінің 1976 жылы қайтыс болғанын анықтадық. Енді біз ойлаймыз Ахмет Риза деген екеуі екі бөлек адам деп. Бірінші ол Ахмет Уәли хазірет. Оның қабірі Одессада қалған. Екінші Риза Иддин хазірет. Оның қабірін міне Семейден тауып отырмыз.
Абай күніне орай басты шараның бірі республикалық Абай оқулары Жидебай жерінде өтті. Биыл 24 рет қатарынан ұйымдастырылған әдеби кешке еліміздің әр түкпірінен кіл мықтылар жиналды. Мектеп оқушылары ақын өлеңдері, әндер мен қара сөздерін жатқа айтудан сынға түсті. Оңтүстік Қазақстаннан келген Айдана Басымбек ақынның бүкіл шығармасын жатқа біледі. Додаға алғаш қатысып үздік атанды.
Айдана Басымбек, байқауға қытысушы:
Абай атамыздың барша өлеңдерін, поэмаларын, аудармаларын жатқа білемін. 220 дан астам шығармасы, 4 поэмасын білемін жатқа. Оларды жаттау онша қиын болған жоқ.
130 дарын қатысқан Абай оқуларыныда түрлі аталымдар бойынша 13 жеңімпаз анықталды. Оза шапқандар білім гранттарын иеленді. Келер жылы дәстүрлі Абай оқуларын халықаралық деңгейде өткізу жоспарланып отыр.
Ержан Жақып