Астанадан үй сатып алушылар көбейді. Шілде айында елордада 6 мыңнан астам баспана сатылған. Бұл өткен аймен салыстырғанда 1 жарым есеге көп. Бірінші кредиттік бюроның зерттеуіне сүйенсек, мұндай сұраныс соңғы бір жарым жылда болмаған. Әсіресе бір бөлмелі баспанаға сұраныс жоғары. Маусым айында 1 мың 800 пәтер сатылса, шілдеде оның саны 3 мыңға жеткен. Алматыда, керісінше, баспанаға сұраныс біршама азайыпты.
Айя Мүтәлі