Президент Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады

10.08.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады. Дархан Қыдырәлі министрлік: отандық телесериалдар өндірісін ұлғайтып, оларды шетелге таратуға, медиа сауаттылықты арттырып, азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасты жандандыруға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді. Мемлекет басшысы азаматтық қоғам институттарымен барлық деңгейдегі байланысты күшейтіп, әр саладағы өзекті мәселелерді қоғаммен кең көлемде талқылауға ашық болудың маңыздылығын атап өтті.

Дархан Қыдырәлі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Бүгін мемлекет басшысының қабылдауында болып, ақпарат, қоғамдық даму және салаға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндадым. Соның ішінде қабылданып жатқан заңдар жалпы ақпарат саласындағы жаңалықтар және алдағы жоспар туралы баяндадым. Мемлекет басшысы саланың дамуы үшін нақты тапсырмалар берді.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу