Қостанай облысында 10 адам суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 10 адам суға батып кетті

09.08.2023

Қостанай облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға батып кеткен. Соңғы екі күнде тағы 3 адам ажал құшты. Майлин ауданыдағы демалыс орында ішімдік ішкен бірнеше адам катамаранмен көл үстін кезіп, шектеулі аймақтан шығып кеткен. Сол кезде жүзу құралы аударылып біреуі қаза тапты.

Өзгесі жағалауға жүзіп жеткен. Юбилейный елдімекенінде де балық аулап жүрген зейнеткердің қайығы аударылып, суға батып кеткен. Оның үстінде құтқару кеудешесі болмаған.  


Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу