Жеңілдетілген микронесие алуға 5 мыңнан астам қазақстандық өтініш тастаған. Қарыз 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашу үшін беріледі. Өтінімдердің көбі ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда және жеңіл өнеркәсіп салаларына бағытталған. Микронесие 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін беріледі. Қарызды 5 немесе 7 жылға дейін бөліп төлеуге болады. Жалпы биыл мемлекет 5 мың 800-ге жуық жас кәсіпкерге микронесие беру жоспарлап отыр.
Айя Мүтәлі