Ақкенттегі өрт: Жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы жақсарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақкенттегі өрт: Жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы жақсарды

03.08.2023

Алматыдағы өрттен кейін жансақтау бөліміне жатқызылған баланың беті бері қарады. Ол бүгін токсикология бөліміне ауыстырылды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Сондай-ақ ауруханада жатқан 6 жасөспірім бүгін ауруханадан шығарылады. «Қалғандары да оңалып келеді»,- дейді дәрігерлер. Тағы үш бала ертең үйлеріне қайтады.

Еске салайық, сейсенбі күні Алматыдағы 16 қабатты тұрғын үйден өрт шыққан еді. Құтқарушылар келгенше бас сауғалаған тұрғындар терезеден секірген болатын. Бір адам қайтыс болып, 43 тұрғын зардап шеккен еді. Олардың арасында балалар да бар.  


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу