Елімізде 900-ге жуық көп қабатты үй заңсыз салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 900-ге жуық көп қабатты үй заңсыз салынып жатыр

04.08.2023

Елімізде 900-ге жуық көп қабатты үй заңсыз салынып жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Яғни құрылыс компаниялары сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңдарды сақтамай отыр. Сондықтан жергілікті әкімдіктерге құрылысты заң талаптарына сай келтіруге қатысты нұсқаулық жолдады. Ал тұрғындардан баспана сатып аларда компанияның үй салуға рұқсаты бар-жоғын және үлескерлердің ақшасын жұмсауға құқы бар ма соны анықтап алуды сұрап отыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу