Алматы әкімі тау бөктеріндегі құрылыс мәселесі шиеленісіп тұрғанын мойындайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әкімі тау бөктеріндегі құрылыс мәселесі шиеленісіп тұрғанын мойындайды

09.02.2024

Алматы әкімі Ерболат Досаев тау бөктеріндегі құрылыс мәселесі шиеленісіп тұрғанын мойындайды. Ол бұл ерекше бақылауда екенін айтты. КСМ: Оның сөзінше, екі жылдан бері беткейлердің тіктігі 15 градустан асатын учаскелерде шағын қабатты көппәтерлі ғимараттар салуға тыйым салынған. 2022 жылдан бері заңсыз 54 құрылыстың жүргізілгені анықталған. Оның көбі сүрілді дейді. Ерболат Досаев, жер үй салудың құрылысын реттуге Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі араласуы керек деп отыр. Өйткені, 2016 жылдан бері баспананы салатын жеке меншік иесіне құрылысқа рұқсат алудың қажеті жоқ. Заң бойынша құрылысты тексеретін жергілікті атқарушы орган ресми түрде нысанға кіріп тексеріс жүргізе алмайды.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

Біз ұсынысымызды енгіздік. Өйткені бүгінде жеке тұрғын үй құрылысы тиісті бақылаусыз салынып жатыр. Техникалық шарттар автоматты түрде беріледі. Сонымен қатар ол үйлердің коммуналық желілерге қосылып жатқаны бойынша да мәселе көп. Тау бөктеріндегі құрылысты ретке келтіру керек. Алматы әкімдігінің құрылыс үдерісін ретке келтіру бастамасын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауы қажет деген Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Жеке үй салу тұрғындарды өз баспанам болады дегенге ынталандыратын түсінемін, бірақ бәрі заңды әрі қауіпсіз болуы керек. 


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу