Ресей Украина арасындағы қарулы қақтығыс, еліміздің мұнай экспортын тоқтата жаздады. Өйткені бүгін Новороссийскіде теңіз терминалының жанында жарылыс болды. Десе де Каспий құбыр консорциумының бас директоры инфрақұрылымға ешқандай зақым келмегенін мәлімдеді. Яғни Теңіз-Новороссийк құбыры арқылы қара алтын тасымалы жалғаса береді. Айта кетейін, мың жарым шақырымға созылған осы құбыр арқылы Қазақстан мұнайының 80 пайызы Батысқа экспортталады.
Досжан Маратұлы