Суданда 20 миллион адам азық-түлікке мұқтаж - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суданда 20 миллион адам азық-түлікке мұқтаж

04.08.2023

Суданның 20 милионнан астам тұрғынына, яғни, жергілікті халықтың 40 пайызы азық-түлікке мұқтаж. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді. Мұндай жағдайдың қалыптасуына қуаңшылық салдарынан егіннің шықпауы мен сәуірдің ортасынан бері жалғасып жатқан қарулы қақтығыс себеп болған.

Үкімет армиясы мен өзге де қарулы отрядтар арасында билікке талас жүріп жатыр. Осының салдарынан 4 миллиондай адам ел ішінде босып жүрсе, тағы бір миллионы көрші мемлекеттерге қашқан.

Әзірге Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік бағдарламасы Суданның бір жарым миллион тұрғынына қайырымдылық көмек көрсеткен. Ал жыл соңына дейін тағы 6 миллион адамға гуманитарлық жәрдем беруді жоспарлап отыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу