Елдегі егіннің тек 1 пайызында ғана сақтандыру бар. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, 8 өңірде 236 мың гектар жер құрғақшылық қаупінен сақтандырылған. Ал Қазақстандағы жалпы егіс алқабының көлемі 23,4 млн гектар. Фермерлер kezekte.kz сайттындағы Agro insurance ақпараттық жүйесінде сақтандыру шарттарын жасай алады. Барлық рәсімдер электрондық платформада жүргізіледі. Бұл қызметті Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының фермерлері қолдана алады.
Болат Аманбаев