Ақмола облысындағы балалар лагерінен пневматикалық қару, ішімдік жасауға арналған құрылғы мен тышқан у-ы табылды. Бұған қоса, нысандарда санитарлық талаптар сақталмай, еңбек, медицина заңнамасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері де бұзылған.
Мәселен, балаларды сауықтыру орталығының бірінде жұмыс істейтін 18 қызметкердің еңбек шарты мен санитарлық кітапшасы болмай шықты. Аталған заңбұзушылықтар облыстық прокуратура жүргізген кешенді тексеру барысында анықталды.
Меруерт Байболова, Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:
Кей лагерьде балаларға тиісті нұсқаушылардың бақылауынсыз шомылуға рұқсат етілген. Оған қоса, нысандарда бір мезгілде нормадан көп балаға қызмет етілген. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары әлі де жалғасуда. Содан кейін тиісті шара қабылданады.
Ұмсындық Наурызбаева