Израиль әскері Джениннен шығарыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль әскері Джениннен шығарыла бастады

05.07.2023

Израиль күштері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дженин босқындар лагерінен шығарыла бастады. Апта басынан бергі қақтығыстардан мұнда 12 палестиналық пен бір израильдік жауынгер қаза тапқан.

Израиль лагерге дүйсенбі күні әскер кіргізді. Сондағы мақсаты – «Дженин бригадасы» деп аталатын палестиналық содырлар ұйымының қару-жарақ қоймалары мен командалық орталығын жою.

Айта кетсек, Израиль армиясы Батыс жағалауды, Шығыс Иерусалимді, Газа секторын 1967 жылы басып алды. Алайда, палестиналықтар бұл территорияларды күндердің күнінде тәуелсіз мемлекет құрудан үмітті.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу