Таразда әкімдік қызметкері мен кәсіпкер 8 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда әкімдік қызметкері мен кәсіпкер 8 жылға сотталды

01.08.2023

Таразда қала әкімдігіне қарасты Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы Зият Тұрсынұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дәл осы мерзімдегі жазаны арқалаған «Kaz In Capital» серіктестігінің басшысы да сотталды. Ол екеуіне «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде жымқыру» бабы бойынша айып тағылған. Шенеунік пен кәсіпкер көшелерді жарықтандыру және бейнекамерамен жабдықтау жұмыстарына бөлінген 91 млн.теңгеден астам қаржыны қолды қылған. Сондай-ақ олар 24 млн теңгені құрайтын қоқыс алаңдарының да ақшасын жеп қойған. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі 116 млн.теңгені құрайды. Енді екеуі ұрланған қаржыны түгел өндіріп бермек.  


Данияр Әлімқұл 

Хабарламаларға жазылу