Жетісу облысында жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Жыл басынан бері өңірде 240-тан астам көлік апаты тіркеліп, 70 адам қаза тапқан. 350-ге жуық адам әртүрлі дене жарақатын алды. Көліктердің соқтығысуы, әсіресе, жазғы демалу маусымында көбейген. Жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығып кету, көлікті тізгіндеп келе жатып, ұйықтап кету сияқты оқиғалар апаттың басты себебі.
Көксу аудандық прокуратурасы тәртіп сақшылармен бірге Алматы-Өскемен тас жолында жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жедел жәрдем қызметі көлік иелерінің қан қысымын тексеріп, ыстық күнде алыс жолға шықпауды ескертті. Тек қана Көксу ауданының аумағында жарты жылда 16 жол көлік оқиғасы болып, 10 адам қаза тапқан.
Бүркіт Нұрмұханбетов, Көксу аудандық прокуратурасының аға прокуроры:
Мына жолдың өзі көріп тұрғандарыңыздай машиналар қатты жүргендіктен басқа камераларды орнату үшін сондай үлестерін қосса деп ойлаймыз. Себебі жүргізуші қатты жүргендіктен жол апатына әкеліп соғып жатыр. Жол қателіктерді кешірмейді.
Қуаныш Қанатұлы