Ресейдің сегіз өңірінде алапат дауыл соғып, 10 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің сегіз өңірінде алапат дауыл соғып, 10 адам қайтыс болды

31.07.2023

Ресейдің сегіз өңірінде алапат дауыл соғып, 10 адам қайтыс болды. 70 тұрғын жарақат алды. Татарстан, Марий Эль, Чувашия мен Пенза облысы қатты зардап шеккен. 520 елдімекен электр жарығынсыз қалып, 41 тұрғын үй мен 7 әлеуметтік маңызы бар нысанның шатыры зақымданған. Желдің екпіні секундына 30 метрге жетіп, ағаштар құлады. Апаттан зардап шеккен аудандарда қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.


Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу