Елімізде жыл сайын адам саудасына қатысты 100-ден астам қылмыстық іс тіркеледі. Жылына орта есеппен 5 ұйымдасқан қылмыстық топ анықталады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Қазақстандықтар көбіне Бахрейн Корольдігіне, Оңтүстік Корея елдеріне құлдыққа түседі екен.
Соңғы жарты жылдың өзінде мәжбүрлеп еңбекке жегу, жыныстық саудаға салу сынды 110 жағдай тіркелген. Құлдықтың құбаны болған 23 адам әлі кәмелет жасына толмаған.
Ақтоты Боранова, ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі:
14-і жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі. Оның ішінде жетеуі кәмелетке толмағандарға қатысты. 24 адам саудасы, оның ішінде 16-ы кәмелетке толмағандарға қатысты. Және 67-і жеңгетайлықпен притон ұстау фактілері. Іс-шара барысында адамды саудалау, оның құқықтарын өрескел бұзу болып табылатын және халықаралық заңнамада ауыр қылмыс саналатыны атап өтілді.