Қазақстанда 1200 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 1200 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында тұр

21.09.2020

Елімізде 1200-дей адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Оның ішінде 22 бала бар. Бұл туралы Криминалдық полиция департаментінің басшысы айтты.

Думан Таевтың сөзінше, соңғы жылдары адам ағзаларын жасырын сататындар көбейген. Жас қыздарды сексуалды құлдыққа мәжбүрлейтіндер де азаймай тұр. 

Биыл жедел шаралар арқасында осындай заңсыздықпен айналысқан 26 адам ұсталып, 2 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталған. Қазір біздің азаматтарды Бахрейнге, Түркия мен Оңтүстік Кореяға заңсыз саудалау жолдары толық жабылған. Алайда ел ішінде азаматтарды ауыр еңбекке салу үшін құдықта ұстайтындар көп. Мәселен, өткен аптада «STOP трафик» операциясы жүргізіліп, бар-жоғы үш күннің ішінде адам саудасына қатысты 50 қылмыс анықталған.

Думан Таев, ҚР Криминалдық полиция департаментінің басшысы:

- Жыл сайын адам саудасына байланысты шамамен 180 қылмыстық іс қозғалады. Еліміздегі адам саудасы құрбандарының арасында Қазақстан Республикасының азаматтары да, шетелдік азаматтар да бар. 90 пайызы Қазақстан азаматтары, 10 пайызы шетелдіктер.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу