IIM Академиясына курсанттар қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

IIM Академиясына курсанттар қабылданды

28.07.2023

Қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары Ішкі істер министрлігі академиясына конкурстан тыс қабылданды. Қосымша емтихансыз оқуға түскендер арасында «Алтын белгі» иегерлері мен ҰБТ-дан 100-ден астам балл жинаған 25 талапкер де бар. Бұл 5 жылдан кейін қайта қолға алынған шара.

Жалпы биыл министрлікке қарасты жоғарғы оқу орындарына 800 орын бөлінген. Оған еліміздің барлық аймағынан 1500-дей талапкер қатысты. Жаңа оқу жылындағы білім беру бағдарламасында біршама өзгеріс бар. Енді оқыту процесі жедел-іздестіру, әкімшілік-құқықтық, ІТ-криминалистикалық қамтамасыз ету, киберқауіпсіздік сияқты бағыттар бойынша жүргізіледі.   



Хабарламаларға жазылу