Елімізде пәтерақы қайта қымбаттады. Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары бір айда жалдау ақысы 4,5 пайызға көтерілгенін айтып отыр. Баға 11 қалада көтерілген. Яғни Қостанай мен Петропавлда 10, Алматы мен Шымкентте 7 процентке қымбаттап отыр. Қалған қалаларда пәтерақы 3-5 пайыз аралығында өскен. Қазір ел бойынша бір бөлмелі пәтерді жалдаудың орташа құны 125, екі бөлме 165, ал үш бөлмені жалдау 210 мың теңгеге тең.
Досжан Маратұлы