Елімізде төлемді мобильді аударым арқылы жүргізу тыйылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде төлемді мобильді аударым арқылы жүргізу тыйылмай тұр

27.07.2023

Елімізде төлемді мобильді аударым арқылы жүргізу тыйылмай тұр. Мемлекеттік кірістер комитеті арнайы талапты орындамаған кәсіпкерлер айыппұл арқалайтынын еске салады. Ал сарапшылар мобильді төлемге тыйым салу дұрыс емес деп санайды. Мұндай аударымға қанша жерден тыйым салынғанымен, іс жүзінде төлем сол арқылы жүргізіліп жатқанын айтады. Тараптарды тыңдап қайтқан әріптесім Самал Қабышева толығырақ.

Самал Қабышева, тілші:

Кез-келген төлем осылай QR арқылы және қолма-қол ақша арқылы төленуі тиіс. Бірақ сізге сатушы төлемді мобильді аударым арқылы жүргізуді ұсынуы мүмкін. Егер сіз мұндай жайтқа тап болсаңыз, сол сатушының үстінен кірістер департаментіне шағым түсіруге құқылысыз.

Бірақ төлемді мобильді аударым арқылы жүргізу тыйылмай тұр. Ал сарапшы-экономист Жангелді Шымшықов төлемді мобильді аударым арқылы жүргізуге тыйым салу дұрыс емес деп санайды. Себебі, қаражат қанша көлемде және қайдан түссе де ол банктік шотқа түскендіктен кез-келген уақытта бақылау жүргізуге болатынын айтады.

Жангелді Шымшықов, экономист:

Ақша аударылады. Аударылған ақша қолма-қол ақшаның орнын басады. Сондықтан бұл ойдан шығарылған проблема. Ақшаның қайдан түскенін көруге болады.

Мемлекеттік кірістер департаменті төлемді мобильді аударым арқылы жүргізу заңсыз екенін еске салады. Қазір бұл процесс кезең-кезеңімен тексеріліп жатқанын жеткізді.

Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі:

Кәсіпкерлер 2024 жылдың қорытындысымен бақылауға алынады. Егерде олар 2024 жылы олардың жеке банктік шотына осы айтылған критерий бойынша, яғни 100 әртүрлі адамнан ай сайын түсіп отырса, мобильді аударымдар және олар үш ай қатарынан қайталанса, олардың деректері бізге банктерден беріледі. Банктен келген деректер негізінде мемлекеттік кірістер органдары аталған кәсіпкерлерге хабарлама жібереді, шынымен кәсіпкерлік мақсатта тапқан табысы болса, оған қосымша салық төлеуге міндетті болады.

Бұдан бөлек, фискалды түбіртек беруден бас тартқан сатушыға 15 тен 50 айлық есептік көркеткішке дейін, яғни, 51 мыңнан, 172 мыңға дейін айыппұл салынады.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу