Ел азаматтарының банк алдындағы берешегі артып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел азаматтарының банк алдындағы берешегі артып барады

27.07.2023

Ел азаматтарының банк алдындағы берешегі артып барады. Жыл басында жұрттың тұтынушылық несие көлемі 7 триллион 700 миллиард теңге еді. Ол жарты жылда 8 триллион 400 миллиард теңгеге жетті. Яғни 6 айда 9 процентке көбейген. Кез келген мақсатқа кепілсіз тұтынушылық несиені рәсімдегендердің көбі алматылықтар. Екінші орында Астана тұрғындары. Шымкенттіктер мен қарағандылықтар да қарызға батқандардың көшін бастап тұр.  

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу