Астанада автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай кенеттен көз жұмды. Ауруханаға жедел жеткізілген 62 жастағы азаматты аман алып қалу мүмкін болмады. Бүгін таңертең Бөгенбай батыр даңғылы бойымен қозғалған көлік, қоршау мен жарық бағанасына соғылып, жаяу жүргіншілер жолына өтіп кеткен. Алдын ала болжам бойынша, жүргізушінің жүрегі аяқ асты тоқтап қалған. Марқұмның 15 жылдық еңбек өтілі бар екені анықталды.
Серік Селеубай