Чилиде мұғалімдер ереуілге шықты. Олар осы әрекеті арқылы жұмыс істеу жағдайына көңілі толмайтынын білдіріп отыр. Үкімет талабымызды орындасын дейді. Ел астанасы Сантьягода ереуілшілер қолына баннер ұстап, қаладағы басты даңғылға дейін барған. Олар үкіметтің 1981 жылдан бергі қарыз ақшасын қайтаруды, мектептегі зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жоспарын дайындауды талап етті. Сондай-ақ зейнетақы төлемдері өтелсін деп дабыл қағып отыр. Айтқандары орындалмаса, тамыздың басында тағы да ереуілге шығуға бел буған.
Арай Төлегенқызы