Перуде бірнеше күн бойы шерулер толастар емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуде бірнеше күн бойы шерулер толастар емес

29.06.2022
Перуде бірнеше күн бойы шерулер толастар емес

Перуде бірнеше күн бойы шерулер толастар емес. Бүгін ел астанасы Лима көшелеріне шыққан наразы топ президент Педро Кастильоны сайлауалды берген уәделерін орындамағаны үшін сынға алды. Мұғалімдер жалақыны өсіруді , ал өзге топтар зейнеткерлерге көңіл бөлуді, инфрақұрылымды жақсартуды талап етті.

«Рейтер» агенттігіне сұхбат берген демонстранттардың бірінің сөзінше, ел дәл қазір ауыр дағдарысты өткеріп жатыр.

Ал бұған дейін көлік жүргізушілері ереуілге шыққан еді. Олар жанармай бағасының күрт қымбаттауына қарсы шараларды қабылдауды талап етті.  


Хабарламаларға жазылу