Солтүстік теңізде 3 мың автокөлік тиеген кеме өртенді. Оқиға Нидерландының Амеланд аралы жағалауында болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, кеменің бортындағы электромобильдердің бірінде өрт тұтанса керек. Жалын тез тараған. Төтенше жағдайдан 1 экипаж мүшесі қаза тауып, 22 адам жараланды. Олардың кейбіреуі өрттен қашпақ болып, 30 метр биіктіктен суға секірген.
Қазір өртеніп жатқан кеменің бортына буксирлерден су құйылып жатыр. Алайда су көлігі батып кетпес үшін бұл операцияны аса сақтықпен жүргізу де ескерілген.
Арай Төлегенқызы