Риддер қаласының жылу жүйесін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Қаражаттың басым бөлігі қазандықтар мен жылу желілерін жаңартуға бағытталады. Еске салайық, биылғы көктемде Риддердегі №6 жылу электр орталығында апат болып, шахар халқы жылусыз қалған еді. Осы аталған орталықты күрделі жөндеуден өткізу жоспары бар.
Бұдан бөлек, Семей қаласының коммуналдық инфрақұрылымы да жаңарады. Бүгінде қаладағы 322 шақырымды құрайтын жылу желілерінің 68%-ы әбден тозған. Соның кесірінен былтыр 337 апатты жағдай тіркелді. Толық жөндеу жұмыстарын жүргізуге Үкімет 16,3 млрд теңге бөліп отыр.
Айя Мүтәлі