Шекарадағы өткізу пункттерінің қабілеті 8 есеге ұлғайтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекарадағы өткізу пункттерінің қабілеті 8 есеге ұлғайтылады

26.07.2023

Жыл соңына дейін «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі жетілдіріледі. Бұл туралы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекарадағы өткізу пунктерінің қабілеті 8 есеге ұлғайтылады. Өткен жылдан бастап барлық 10 өткізу пункті бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Қалғандарына да қайта жаңарту жаппай жүргізіледі. Автокөлік пен жеке тұлғалардың қозғалысы осыған байланысты шектеледі. Барлық өткізу пунктерін қайта жаңартуды 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Жалпы биыл Еуразиялық одақ елдерінен Қазақстан бюджетіне 1,9 трлн теңге кедендік төлемдер мен салық түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға жоғары.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу