Этникалық қазақтарға арналған «Ата жолы» картасын алу жеңілдей түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Этникалық қазақтарға арналған «Ата жолы» картасын алу жеңілдей түсті

26.07.2023

Этникалық қазақтарға арналған «Ата жолы» картасын алу жеңілдей түсті. Енді шетелдегі қандастар елшілік арқылы ғана емес, «Құтты мекен» деп аталатын ұялы қосымшаның көмегіне жүгіне алады. Жалпы «Ата жолы» картасы Американың «green card»-ы секілді.

Басты айырмашылық – шетелдердегі қазақтарға ғана арналған. Қандастарымыз картаның көмегімен азаматтығынан айырылмай-ақ, Қазақстанда 10 жыл тұруға мүмкіндік береді. Әрі бізде тапшы мамандықтарға жұмысқа тұрып, бизнеспен де айналысуына болады.


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу