Биыл 94 мың талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Ғылым және жоғары білім министрінің мәліметінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 процентке көп. Ал ең көп таңдалған қала – Алматы. 38 мың жас студенттік шағын өткізу үшін оңтүстік астананы таңдаған. Елорданың оқу орындарында оқу үшін 18 мың өтініш қабылданса, 6 мың адам Шымкент қаласының университеттерінде оқуға ниет білдірген.
Өтініштердің көбі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарды таңдаған. Ал бір гранттық орынға ең үлкен конкурс тіс дәрігері, дипломат, заңгер және мұғалім мамандықтары бойынша жүреді. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамыздан кейін жарияланбақ.
Досжан Маратұлы