Қазақстандықтардың көлік жөндеуге жұмсайтын шығындары көбейді. Себебі автокөліктің қосалқы бөлшектері мен техникалық қызмет көрсету бағасы жылдан жылға өсуде. Бір жылдың өзінде бұл қызметтің құны 15 пайызға көтерілген. Өңірлер арасында, әсіресе Ақтөбе облысында өсім байқалады. Мұнда көлікті жөндеу жұмыстары 72 пайызға, ал керек-жарақ 20 пайызға қымбаттаған. Авто жөндеуге қажетті құрылғылар бағасы Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында да айтарлықтай өскен. Жалпы соңғы жарты жылда қазақстандықтар бұл қызметке 83 млрд теңге жұмсапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға көп.
Айя Мүтәлі