Қазақстандықтар мобильді интернетті үнемдеуі керек - Бағдат Мусин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар мобильді интернетті үнемдеуі керек - Бағдат Мусин

25.07.2023

Қазақстандықтар интернет сапасына қайтадан шағымдана бастады. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің сөзінше, сапасыз қызмет көрсеткен байланыс операторлары жазасыз қалмайды. Жыл соңына дейін оларға 4 млрд теңге айыппұл салмақ. Ал 3 жыл бұрын оның мөлшері 100 млн теңгеден аспайтын. Биыл айыппұл көлемі 10 есе өскеннен кейін байланыс операторлары мемлекетке 1 жарым млрд теңгеге төлеуге мәжбүр болыпты. «Бұл компаниялар үшін айтарлықтай шығын, сондықтан олар қызмет сапасын жақсартуға ұмтылады», - дейді министр. Бұдан бөлек, олар енді техникалық ақау болатынын тұрғындарға алдын ала ескертуге міндеттеледі. Сондай-ақ Бағдат Мусин қазақстандықтар мобильді интернетті шамадан тыс пайдаланады, енді оны суды үнемдегендей үнемдеуге көшуі қажет дейді.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Жүктеме өсіп жатыр. Күрт өсіп жатыр. Адам басына шаққан кезде біз 15 Гегабиттан жоғары трафикті қолданып жатырмыз. Ал халықаралық дамыған мемлекеттерді алатын болсақ, 9 гегабайттан аспайды. Он жылдан кейін біз не істейміз? 10 жылдан кейін біздің инфрақұрылым әлсіз болады. Ештемеге сай болмайды.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу