Шымкентте он жастағы бала қалалық әкімдіктің алдындағы субұрқаққа батып кетіп, көз жұмды. Куәгерлердің сөзінше, баланың жанында ата-анасы болмаған. Ол өзге жеткіншектермен бірге фонтанға секірген. Тереңдігі 1 метр 20 см болатын субұрқақтан жасөспірім су жұтып қойып, шыға алмай қалған.
Қазір әкімдік алдындағы субұрқақ өшірілді. Ал қалада барлығы 31 фонтанның 25-і істеп тұр.
Нұржан Қаракөзов, Шымкент қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:
2013 жылғы бүлдіршініміз суға шомылу барысында өзінің жүзу қағидаларын білмеуінен оқиға орнында қайтыс болған. Қазір полиция департаментімен сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Айнұр Әбілқасымқызы