Шымкентте 1 жасар нәресте бассейнге батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 1 жасар нәресте бассейнге батып кетті

15.07.2022

Шымкентте 1 жасар нәресте бассейнге батып кетті. Оқыс жағдай өткен түні Қызылжар шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінде болған. Аулада қараусыз қалған бүлдіршін суға құлап кеткен. Ата-анасы қасында болмаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл шілде басталғалы Шымкентте болған екінші қайғылы жағдай. Он күн бұрын 6 жасар бала бассейнде тұншығып өлді. Осыған байланысты Төтенше жағдай департаменті қауіпсіздік талаптарын барынша сақтауға шақырады.

Хабарламаларға жазылу