Тунистің солтүстігінде орман өрті тұтанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тунистің солтүстігінде орман өрті тұтанды

25.07.2023

Тунистің солтүстігінде орман өрті тұтанды. Жергілікті билік жалын шарпыған аймақтан 2500 адамды тезірек көшіруге барын салып жатыр. Алайда лапылдаған өрт жолдарды жауып, құтқару жұмыстарын қиындатты. Тілсіз жау шарпыған өңірде аптап ыстық, әрі күшті жел көтерілген. Мұндай ауа райы алдағы күндері де сақталуы ықтимал.   


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу