Канаданың Жаңа Шотландия провинциясын алапат тасқын жайлады. Өңірде күшті дауыл тұрып, нөсер жауын құйған. 24 сағатта 25 сантиметрдей жаңбыр жауды. Осыншама күшті жауын провинцияда 1971 жылдан бері болмаған. Табиғи апат кезінде 4 адам жоғалып кетті. Олар іздестіріліп жатыр. Жолдарды су шайды. Көпірлер бұзылған. Труро қаласындағы теміржолға айтарлықтай зақым келді. Жаңа Шотландияда тамызға дейін төтенше жағдай жарияланған.
Арай Төлегенқызы