Елорданың тәртіп сақшылары синтетикалық есірткі өндірумен және сатумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Зертхананы шетел азаматы басқарған. 52 жастағы күдікті есірткі жасау үшін Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданында жеке үй сатып алған. Қылмыстық әрекеті үшін Қазақстанның 7 азаматын жалдаған. Полицейлер есірткі тасымалдаушыны «Астана-Қарағанды» тас жолында ұстады.Топ жетекшісі есірткі дайындау кезінде қолға түсті. Зертхананы тінту барысында өндірілген 20 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Сондай-ақ химиялық ерітінді, екі реактор, химиялық қорғаныс костюмдері мен басқа да жабдықтар табылды.
Марат Төлебаев, ҚР ІІМ Астана қаласы полиция департаментінің бастығы:
Тәркіленген 100 мың дозаны құрайтын 22 кг синтетикалық есірткі оны қолданатын тұлғаларға жетпей жойылатын болады. Ұсталдған тұлғаларға қатысты тергеу амаладры жүргізулуде.
Дарын Сағитов